«Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 440 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9759 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларында:
9-тармақ алып тасталсын:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
«10. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес мекемелерге жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармағымен толықтырылсын:
«10-1. Төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу тағайындалған бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады.
Шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерге жіберу олардың бастықтарымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2 және 13-3-тармақтарымен толықтырылсын:
«13-1. Сотталған әйелдерді – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлерін, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарды жеке ұстау мүмкін болмаған жағдайда олар сотталған әйелдерді ұстауға арналған мекемелерге жіберіледі.