Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығы
(2023.09.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 675 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 51 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.24.02. № 154 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.27.02. № 27 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 9 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) ҚР Қорғаныс министрінің 2023.24.02. № 154 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.27.02. № 27 бірлескен бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 9 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауын тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;