«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 265 Қаулысы (күші жойылды)

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 265 Қаулысы

 

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 232 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес;

4) «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес;

5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес;

6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес;

7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес;

8) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.