«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 151 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 151 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Ереже):

келесі мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:

«7-1-тарау. Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу (Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында «пилоттық» жоба шеңберінде)

1-параграф. Негізгі ұғымдар

378-1. Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

қазынашылық сүйемелдеу - қазынашылық органындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық этаптарында құрылыс объектілерімен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануына, жобаның барлық қатысушыларымен - мердігерлермен, қосалқы мердігерлермен салықтарды толығымен төлеуді қамтамасыз етуін бақылау;

қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер (мердігер) - заңды тұлға, тапсырыс берушімен қазынашылық сүйемелдеу кезінде құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шарт бойынша тарапы болып әрекет етуші (бұдан әрі - қазынашылық сүйемелдеу кезіндегі бас мердігер);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.