«Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 Қаулысы (2025.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 Қаулысы

(2025.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 205-4170 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген), Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес, Астана қаласының әкімшілік шекараларында су объектілеріндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең аз ені;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, Астана қаласының әкімшілік шекараларында су қорғау аймақтары мен су объектілерінің белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше шарттары белгіленсін.

2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласының әкімі

Ж. Қасымбек

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Астана қаласының Сәулет,

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.