«Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның ережесін және регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 116 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 12 қазандағы № 656 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның ережесін және регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 116 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18546 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: