«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/276 қаулысымен бекітілді) (2017.28.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің 2016.09.09. № А-10/438 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № А-1/611 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 15 маусымдағы

№ А-6/276 қаулысымен бекітілді

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № А-2/48 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2017.28.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы;

2) www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген) бекітілген нысандары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі - аккредиттеу туралы куәлік) не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген) бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1 тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.