«Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 12 маусымдағы № 92 бұйрығы

«Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 12 маусымдағы № 92 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 164 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33043 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялауға арналған мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 2-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.