(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2015.06.05 № 18-1...

Осы редакция 2016 жылғы 23 маусымға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 18-1/415 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған
жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі
бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су
объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды,
мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды,
өсімін молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті табиғат қорғау мекемелері (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

әуесқойлық (спорттық) балық аулау - 1 (бір) жұмыс күні;

мелиорациялық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау және өсімін молайту мақсатында аулау - 10 (он) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты - 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты - 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.