«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Kazakh Sport Management» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 926 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Kazakh Sport Management» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Kazakh Sport Management» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы спорттық-сауықтыру объектілерін пайдалану және спорттық қызмет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында: