«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Бұл ретте тиісті жобаларды келісу кезінде мемлекеттік органдардың әзірлеуші органдардан өзінің сараптама қорытындысын әзірлеуші орган айқындаған мерзімдерде ұсынбаған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және сараптама кеңесінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алуды талап етуіне тыйым салынады.

Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелерін қамтуға тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сараптама қорытындысын алу жөніндегі талап орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.

3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Әзірлеуші орган Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысымен келіскен кезде консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда әзірлеуші орган келіспеу себептерін негіздей отырып, ұстанымын қалыптастырады.

Əзірлеуші орган сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасына жəне (немесе) осы сараптама қорытындысын ұсынған сараптама кеңесінің мүшесіне келіспеу себептерін негіздей отырып жауап жібереді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасының жəне (немесе) сараптама кеңесі мүшесінің сараптама қорытындысы сараптама кеңесінің отырысын да Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде белгіленген тəртіппен қаралуы мүмкін.

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Сараптама қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе сараптама кеңесі мүшесінің жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымшалар болып табылады.

6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар, нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесі қарағанға дейін интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.

7. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының және Қазақстан Халық Кеңесінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына қолданылмайды.

 

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері

1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу процесіне коммерциялық емес ұйымдарды, азаматтарды тарту мақсатында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоғамдық кеңестер құрылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында консультативтік құжаттарды және заң жобаларын қоғамдық кеңестермен жария талқылау тәртібі реттеледі.

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар қоғамдық кеңестерді азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабардар етеді.

Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын консультативтік құжат, нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдар ұсыну үшін белгіленетін мерзім - қоғамдық кеңес олардың ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарламаны алған кезден бастап он жұмыс күнінен, ал заң жобалары бойынша он бес жұмыс күнінен кем болмайды.

Осы Заңның 17-1-бабы 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдар беруі үшін мерзім үш жұмыс күнін құрайды.

Қоғамдық кеңес ұсынымдарды мемлекеттік орган белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда, консультативтік құжат немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.

Ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

3. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және он жұмыс күні ішінде қоғамдық кеңеске тиісті хат жібереді.

Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган ұсынымдармен келіспеген жағдайда, келіспеу себептерін негіздей отырып, ұстанымын қалыптастырады.

Консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын талқылау қорытындысы бойынша дайындалған ұсынымдар нормативтік құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін міндетті қосымшалар болып табылады.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының және Қазақстан Халық Кеңесінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына қолданылмайды.

 

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды

20-1-бап. Экологиялық қауіпсіздікке әсер ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері

1. Іске асырылуы қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуге алып келуі мүмкін нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында айқындалады.

 

21-бап. 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды

21-1-бап. Нормативтік құқықтық актілерді дайындаудың оңайлатылған тәртібі

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты шешім қабылдаған күннен бастап немесе ол белгілеген күннен бастап қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс.

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді және (немесе) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп таныған норманы қамтитын нормативтік құқықтық актіні қабылдау (әзірлеу) құзыретіне кіретін мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оңайлатылған тәртіппен әзірлеуі және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуі мүмкін.

Оңайлатылған тәртіппен әзірленетін нормативтік құқықтық актінің жобасында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімін іске асыруға бағытталған нормалар ғана қамтылуға тиіс.

 

 

22-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелері

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай деректемелері болуға тиiс:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) акт нысанына нұсқау: Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасының кодексi; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң немесе заң күші бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы; Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Құрылтайының қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; ведомство басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктің қаулысы; әкiмнің шешiмi; тексеру комиссияның қаулысы және нормативтiк құқықтық актiнiң осы Заңда көзделген өзге де нысаны;

3) нормативтiк құқықтық актiнiң реттеу нысанасын бiлдiретiн тақырып;

4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күні;

5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;

6) нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;

7) осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң мемлекеттiк тiркелген күнi мен нөмiрiн көрсету;

8) елтаңбалы мөр.

 

23-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Құқық нормаларын қамтитын абзац, бөл, тармақша, тармақ және бап нормативт құқықтық акт негiзгi құрылымдық элементтері болып табылады.

Нормативтiк құқықтық акт бабының, тармағы мен тармақшасының iшiнде бөлiк - қисынды аяқталған, абзац арқылы бөлiнiп көрсетiлген, бас әрiптен басталатын құқықтың жеке нормасы болуы мүмкiн. Егер тармақшада бірнеше бөлік болса, тармақшаның бірінші бөлігі кіші әріптен басталады.

Бөлiктiң бас әрiппен басталатын бiрiншi абзацын қоспағанда, мәтiннiң кiшi әрiптен басталатын, бiрiншi жолда абзац арқылы бөлiнiп көрсетiлетiн және мағыналық біртұтастықты білдіретін бөлiгi абзац деп есептеледі. Абзацтар (бөлiктiң бiрiншi және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелi үтiрмен аяқталады.

Заңдар, әдетте, «бап» деген атауы бар баптардан тұрады, олар бөлiктi, тармақты, тармақшаны және абзацты қамтуы мүмкiн.

Өзге де нормативтiк құқықтық актiлер олардың атауында «тармақ» деген сөз жазылмайтын тармақтардан тұрады, олар тармақшаларды, бөлiктердi, абзацтарды қамтуы мүмкiн.

2. Көлемi ауқымды нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау - бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемі жағынан үлкен тараулар мен бөлiмдерде тиiсiнше параграфтар және кiшi бөлiмдер бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн. Кодекстерде ішкі құрылымның басқа да белгілемелері пайдаланылуы мүмкін.

Нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше «тарау», «параграф», «бөлім», «кiшi бөлiм» деген сөздермен белгiленедi.

3. Кодекс, әдетте, атауында «бөлiк» деген сөз жазылмайтын бөлiктерге бөлiнетiн баптардан тұрады, олар араб цифрларымен нөмiрленедi.

4. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тармағы, бабы, параграфы, тарауы, кiшi бөлiмi және бөлiмi араб цифрларымен нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық акт баптарының, тарауларының, бөлiмдерiнің және бөлiктерiнің нөмiрленуі тұтас болып табылады. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауындағы параграфтардың нөмірленуі және әрбiр бөлiміндегi кiшi бөлiмдердің нөмірленуі дербес болып табылады.

5. Нормативтік құқықтық актілердің тармақтарындағы (баптарындағы) тармақшаларының, баптарындағы тармақтардың, сондай-ақ жекелеген кодекстер баптарындағы бөліктердің нөмірленуі әрбір бап үшін дербес болады. Тармақтардағы тармақшалардың нөмiрленуi араб цифрларымен жақша арқылы мынадай түрде белгiленедi: 1), 2), 3) және одан әрi қарай.

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мақсаттарын, негіздерін және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсіндіру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кіріспе бөлік (кіріспе) беріледі.

Кiрiспе бөлiк (кiрiспе) нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларында жазылмайды.

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болғанда, онда олардың мәніне түсiндiрме беретiн бап (тармақ) болады. Қазақ тiлiндегi нормативтiк құқықтық актiдегi терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады. Орыс тiлiндегi нормативтiк құқықтық актiдегi терминдер мен анықтамалар қазақ тiлiнде жазылған ретке сәйкес болуға тиiс.

Терминдер мен анықтамалардың мағынасын түсіндіретін нормалар заңдарда пайдалану ыңғайлы болуы мақсатында жекелеген құрылымдық элементтерде қамтылуы мүмкін.

Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.

8. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық элементі тиiстi нұсқауларды нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде құқық нормасының мәніне нұқсан келтiрмей жазу мүмкiн болмаған кезде ескертпемен толықтырылуы мүмкiн.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Пайдалануға ыңғайлы болу үш нормативт құқықтық акт әрб бабының, тарауының, бөлiнің, бөлiнің, сондай-ақ тарауының параграфы мен бөлiмін кi бөл тақырыптары болуға ти.

Бұл талап республикалық бюджет туралы заңға және заңдарға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заңдардың баптарына қолданылмайды.

Нормативтiк құқықтық акт бөлiктерiнiң, бөлiмдерiнiң, кiшi бөлiмдерiнiң, тарауларының және параграфтарының тақырыптары алдыңғы мәтiннен - екi, ал келесi мәтiннен бiр жоларалық интервалмен бөлiнедi.

Нормативтік құқықтық актінің, оның бабының, тарауының, бөлігінің, бөлімінің, кіші бөлімінің және параграфының тақырыбы нормативтік құқықтық актінің өзінің, сондай-ақ тиісті бабының, тарауының, бөлігінің, бөлімінің, кіші бөлімінің және параграфының реттеу нысанасын көрсетуге тиіс.

10. 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн.

 

24-бап. Нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң мазмұнына және жазылу стилiне қойылатын талаптар

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Заңдарда тиісті саланы (аяны) реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, құзыреттері мен өкілеттіктері белгіленеді.

Заңның көрсетілген негізгі ережелерін іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде тиісті нормалар нақтылануы мүмкін.

Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде заңдарда белгіленген нормалар шегінен шығатын нормаларды белгілеуге жол берілмейді.

Мақсаттар, міндеттер мен қағидаттар шеңберінде заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер деңгейінде мемлекеттік органдардың құзыреті мен функциялары көзделуі мүмкін.

Мемлекеттік органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті мен функциялары Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік басқару деңгейі бойынша нақты аражігі ажыратылып белгіленуге тиіс.

Құзыреттер мен функцияларды заңдар деңгейінде белгілеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 60-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың өзге де құзыреттері мен функциялары (іске асыру, ұйымдастырушылық және басқалар) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.

2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi бiрыңғай қарiппен басылуға тиiс.

3. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады, оның ережелерi барынша қысқа болуға, нақты мағынаны және әртүрлi түсiндiруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиiс. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға тиiс.

Ескірген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық элементінде жазылған құқық нормасы нақ осы актiнiң басқа құрылымдық элементтерiнде қайталап жазылмайды.

Қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері теңтүпнұсқалы болуға тиіс.

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Заңда құқықтық реттеу қағидаттары белгіленеді, сондай-ақ оның мәтінінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар, заңды күшіне енгізгеннен кейін өзге нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.

Заңның өтпелі ережелерінде ол қолданысқа енгізілгенге дейінгі қатынастарды реттеу тәртібі көрсетіледі, жаңа құқық нормаларына өту мерзімдері мен тәсілдері белгіленеді.

Заңның қорытынды ережелерінде осы актіні қолданысқа енгізу, бұрын шығарылған актінің күші жойылды деп тану, оның күшін жою туралы нормалар бекітіледі. Осы актіні орындау және дамыту мақсатында қажет болғанда басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді шығаруы туралы талаптар белгіленеді.

5. Нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар мемлекеттік органдарға не қажет болғанда олардың басшыларына жолдануға тиіс.

Тапсырма беруші тұлғаға бағынысты емес мемлекеттік органдарға қатысты, нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар ұсынымдық нысанда не олармен келісім бойынша жазылуға тиіс. Соңғы жағдайда мемлекеттік органның атауынан кейін «(келісім бойынша)» деген белгі көрсетіледі.

6. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың атаулары ресми атауына сәйкес толық және бүкіл мәтін бойынша бірізді жазылады.

Нормативтік құқықтық акт мәтінінің қарапайым және ықшам болуын қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық акт мәтінінің өзінде қысқартудың не аббревиатураның мағынасын таратып жаза отырып, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың атауларын қысқартуға жол беріледі.

7. Нормативтік құқықтық актілердің мәтінінде абзацтарды сызықшалармен немесе өзге де белгілермен белгілеуге, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін бөліп көрсетуге және астын сызуға жол берілмейді.

 

25-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерде сiлтеме жасау және жазып келтіру

1. Қажет болғанда нормативтік құқықтық актілерде жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтеріне сілтеме жасалуы, сондай-ақ жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасала отырып, осындай актілерден жекелеген құқық нормалары жазып келтірілуі мүмкін.

2. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементтерінде оның басқа құрылымдық элементтеріне сілтеме жасауға құқық нормаларының өзара байланысын көрсету не қайталауды болғызбау қажет болатын жағдайларда ғана жол беріледі.

3. Мәтін жолдарына және сөйлемдерге сілтеме жасау кезінде олардың нөмірленуі реттік сан есімдермен (жазумен) белгіленеді.

4. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде құрылымдық элементке сілтеме жасау оның реттік нөмірін жазумен немесе цифрлармен көрсету арқылы келтіріледі (оларды белгілеу үшін сын есімдерді пайдалануға жол берілмейді).

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде мынадай кезектілікпен осы нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және тақырыбы көрсетіледі.

Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.