Заңдарға сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерін көрсету талап етілмейді.
Стандарттау жөніндегі құжаттың түрі ғана көрсетілетін заңдарды қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі құжаттарға сілтеме жасалған кезде олардың атауы не түрі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерде ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын қолдану тәртібін стандарттау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
6. Егер нормативтік құқықтық актінің мәтінінде бір ғана нормативтік құқықтық актіге екі және одан да көп сілтеме қатарынан келтірілсе, онда осы нормативтік құқықтық актінің толық тақырыбы оған кейіннен сілтеме жасала отырып, бір рет (мәтінде алғаш рет аталған кезде) көрсетіледі.
7. Егер нормативтік құқықтық актіде қосымшаларға сілтеме болса, онда нормативтік құқықтық актіге бір қосымша болатын жағдайларды қоспағанда, қосымшалардың нормативтік құқықтық актінің мәтінінде олардың аталу реті бойынша берілетін нөмірлері көрсетіледі.
26-бап. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
1. Заңдарды қоспағанда, нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында актінің нысанына, қабылданған күніне, тіркеу нөміріне және тақырыбына сілтеме қамтылуға тиіс.
Нормативтік құқықтық актіге немесе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында бірінші кезекте «өзгерістер» немесе «өзгеріс» деген сөз көрсетіледі.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заң жобасының мәтінінде аталған заңдардың тақырыбы, қабылданған күні көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өзге нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
3. Өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актімен қабылданған, бірақ қолданысқа енгізілмеген құқық нормасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Үш және одан да көп нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жекелеген қосымшамен ресімделетін тізбе жасалады.
Аталған талап заңдарға қолданылмайды.
5. Бір ғана нормативтік құқықтық актіге енгізілетін барлық өзгерістер және (немесе) толықтырулар бір тармақпен немесе тармақшамен көзделеді. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілер олардың заңдық күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ қабылданған (шығарылған) күні бойынша хронологиялық ретпен орналастырылады.
Бір ғана күннің шегінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер олардың тіркеу нөмірлеріне немесе ресми жарияланым дереккөздеріндегі құжат нөмірлеріне сәйкес көрсетіледі.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде мұндай құрылымдық элемент жаңа редакцияда жазылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізілген заң жобаларын қарау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң жобалары мен жарлықтарына, оның ішінде конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтарына қатысты қолданылмауы мүмкін.
7. Жаңа құрылымдық элементтер, сондай-ақ қосымшалар нормативтік құқықтық актінің мәтініне нақ сондай соңғы құрылымдық элементтен кейінгі келесі реттік нөмірлерімен немесе нақ сондай құрылымдық элементтер арасына нормативтік құқықтық актінің соңынан келетін сол құрылымдық элементтерінің нөмірлерін қайталайтын қосымша нөмірлермен енгізіледі, мысалы: 2-1, 2-2-тармақтар; 8-1), 8-2) тармақшалар; 5-1-бөлім; 3-1, 3-2, 3-3-қосымшалар.
Егер нормативтік құқықтық акт қосымшамен толықтырылса, нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық актіні қосымшамен немесе туынды түрдегі нормативтік құқықтық актімен толықтыру туралы тармақ (тармақша) енгізіледі.
8. Құпиялылық белгілері немесе «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер тізбеге олардың тақырыбы көрсетілмей енгізіледі.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде оның жаңа редакциясы қабылданады.
Заң жобаларын жаңа редакцияда ресімдеу кезінде бап көлемді айқындау бірлігі болып табылады.
Өзге нормативтік құқықтық актіні жаңа редакцияда ресімдеу кезінде тармақ көлемді айқындау бірлігі болып табылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізілген заң жобаларын қарау кезінде қолданылмайды.
27-бап. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
1. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты, егер нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық элементтері жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе солармен қамтылса, күші жойылды деп тануға жатады.
2. Жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.
Бұл талап жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің жекелеген құқық нормаларын іске асыру үшін төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, одан сондай құқық нормалары алып тасталған жағдайларда да қолданылады.
Күші жойылды деп тануға жататын нормативтік құқықтық актілер олардың заңдық күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ қабылданған күні бойынша хронологиялық ретпен орналастырылады.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Заңдардың күші жойылды деп тану туралы заң жобасының мәтінінде аталған заңдардың тақырыбы, қабылданған күні көрсетіледі.
Өзге нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы өзге нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
4. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп танылуға жататын нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың құрылымдық элементтерінің тізбесі не нормативтік құқықтық актінің өзінде немесе оны қолданысқа енгізу тәртібі туралы актіде қамтылуға тиіс.
5. Үш және одан да көп нормативтік құқықтық актінің немесе олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылған кезде жекелеген қосымшамен ресімделетін тізбе жасалады.
6. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылған кезде мұндай элементтер алып тасталады, бірақ олардың нөмірлері сақталады. Сақталған нөмірге нормативтік құқықтық актінің (немесе оның құрылымдық элементінің) күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актіге сілтеме қосылады. Сақталған құрылымдық элементтердің нөмірленуі өзгермейді.
7. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша үлкен бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге өзінің заңдық күшін сақтайтын құрылымдық элементтер туралы ескертпе жасалып, бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша кіші бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актіге қайшы келетін не онда қамтылатын құрылымдық элементтер ғана енгізіледі.
Мұндай жағдайларда нормативтік құқықтық актінің көлемі осы Заңның 26-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалады.
8. Басқа нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларын қайталайтын және жаңа құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер де күші жойылды деп тануға жатады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Негізгі нормативтік құқықтық актінің өзі де, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген нормативтік құқықтық актілер де (немесе олардың құрылымдық элементтері) күші жойылды деп тануға жатады. Күші жойылды деп тануға жататын қандай да бір нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық элементінің редакциясы бірнеше мәрте өзгертілген және (немесе) толықтырылған жағдайда тізбеге негізгі нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген барлық нормативтік құқықтық актілер дербес тармақтар түрінде енгізіледі.
Аталған талап заңдарға қолданылмайды.
10. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану көзделген басқа нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылса, бірінші айтылған актілердің қолданысы қайта жалғаспайды.
11. Күшіне енбеген нормативтік құқықтық актілер күші жойылды деп таныла алмайды. Қажет болғанда мұндай нормативтік құқықтық актілер жойылуы мүмкін.
12. Қолданылу мерзімі өткен нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтері күші жойылды деп тануға жатпайды.
Нормативтік құқықтық актіде қолданылу мерзімі өткен құқық нормаларымен қатар күші жойылды деп тануға жататын құқық нормалары қамтылған жағдайда, тізбеге бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
13. Егер нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементінде күші жойылды деп тануға жататын қосымша көрсетілсе, онда тізбеге осы құрылымдық элемент қана енгізіледі, ал қосымша бөлек ескертілмейді.
Егер нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементінде қосымшаны бекітумен қатар өз қолданысын сақтайтын құқық нормасы қамтылса, ал қосымша күші жойылды деп тануға жататын болса, онда тармақ қосымшаға қатысты бөлігінде тізбеге енгізіледі, ал қосымша бөлек ескертілмейді.
14. Егер нормативтік құқықтық актінің жекелеген құрылымдық элементтері толығымен, ал басқа құрылымдық элементтері ішінара күші жойылды деп тануға жататын болса, онда ең алдымен толығымен күші жойылды деп тануға жататын құрылымдық элементтер көрсетіледі.
28-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу
1. Қосымшалар нормативтік құқықтық актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
2. Қажет болғанда нормативтік құқықтық актіге графиктер, кестелер, схемалар, карталар, тізбелер және басқа да қосымша құжаттар жекелеген қосымшалармен ресімделеді.
3. Қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында өзі соған сәйкес бекітілген нормативтік құқықтық акт, актінің қабылданған күні мен тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс.
4. Егер нормативтік құқықтық актіге бірнеше қосымша болса, әрбір қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында оның реттік нөмірі, сондай-ақ өзі соған сәйкес бекітілген нормативтік құқықтық актінің түрі, актінің қабылданған күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі. Егер нормативтік құқықтық актіге қосымша біреу болса, онда ол нөмірленбейді.
5. Құпиялылық белгілері немесе «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу осы бапқа және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 29-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-бап. Заң жобасын Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгiзу және кері қайтарып алу
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 60-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі және тек қана Қазақстан Республикасының Құрылтайында iске асырылады.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының Құрылтайына қазақ және орыс тiлдерінде енгiзiледi.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Заң жобасы бойынша ұсынылатын материалдар мынадай қосымшаларды қамтуға тиiс:
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) заң жобасына жобаны қабылдаудың қажеттігі негізделген, мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері кеңінен сипатталған түсіндірме жазба, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізілетін заң жобалары үшін - арнайы жолдау;
2) жұмыс тобы құрылған жағдайда оның құрамы;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заң жобалары келісу рәсімінен өтпеген жағдайларды, сондай-ақ заң жобасы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Халық Кеңесінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін жағдайларды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) осы Заңның 30-бабына сәйкес ғылыми сараптама қорытындысы және сараптама кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптама қорытындылары, қоғамдық кеңестердің ұсынымдары, олар болған кезде;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізілетін заң жобаларын қоспағанда, егер заң жобасы мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін болса, қаржы-экономикалық есеп-қисаптар, заңды қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары, сондай-ақ бар болса, статистикалық деректер.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізілетін заң жобасы үшін - заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары).
Заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заң жобасына енгізілетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың тиісті негіздемесі бар, заңның құрылымдық элементтерінің қолданыстағы және ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі ұсынылады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Құрылтайға енгізілетін заң жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Халық Кеңесі заң шығару бастамасы тәртібімен өздері енгізген заң жобасын Қазақстан Республикасының Құрылтайынан оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. НОРМА ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ СҮЙЕМЕЛДЕУ
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 30-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Ғылыми сараптама жүргізу
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша осы актілерде реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізілуі міндетті.
1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау;
2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
3) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарларын анықтау үшін жүргізіледі.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалар республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, астана, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобалары бойынша және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобалары бойынша, сондай-ақ осы тарауда белгіленген өзге де актілер бойынша жүргізілмейді.
4. Ғылыми сараптаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Заң жобасы ғылыми құқықтық сараптаманың объектісі болып табылады, оған осы Заңда көзделген жағдайларда консультативтік құжат жəне оны іске асыру үшін қажетті заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса берілуге тиіс.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Құрылтайының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдарды əзірлеу мақсатында жүргізіледі.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ғылыми лингвистикалық сараптама заң жобалары бойынша қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтіндерінің теңтүпнұсқалығы бөлігінде жүргізіледі.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптаманы қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уəкілетті ұйым, сарапшылар жүргізеді. Сараптаманы жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Жоба бойынша мамандықтары əртүрлі сарапшылардың кешенді сараптамасы немесе алуан түрлі дербес сараптамалар, ал қажет болғанда қайталама сараптама жүргізілуі мүмкін.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Сарапшылар ретінде жобаны дайындауға тікелей қатыспаған ғалымдар мен мамандар тартылады, сондай-ақ басқа мемлекеттерден жəне халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін.
Ғылыми сараптама жүргізу үшін жоба шетелдік жəне халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеу