Заң жобаларын жаңа редакцияда ресімдеу кезінде бап көлемді айқындау бірлігі болып табылады.
Өзге нормативтік құқықтық актіні жаңа редакцияда ресімдеу кезінде тармақ көлемді айқындау бірлігі болып табылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген заң жобаларын қарау кезінде қолданылмайды.
27-бап. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
1. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты, егер нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық элементтері жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе солармен қамтылса, күші жойылды деп тануға жатады.
2. Жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.
Бұл талап жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің жекелеген құқық нормаларын іске асыру үшін төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, одан сондай құқық нормалары алып тасталған жағдайларда да қолданылады.
Күші жойылды деп тануға жататын нормативтік құқықтық актілер олардың заңдық күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ қабылданған күні бойынша хронологиялық ретпен орналастырылады.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заңнамалық акт жобасының мәтінінде аталған заңнамалық актілердің тақырыбы, қабылданған күні көрсетіледі.
Өзге нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы өзге нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
4. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп танылуға жататын нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың құрылымдық элементтерінің тізбесі не нормативтік құқықтық актінің өзінде немесе оны қолданысқа енгізу тәртібі туралы актіде қамтылуға тиіс.
5. Үш және одан да көп нормативтік құқықтық актінің немесе олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылған кезде жекелеген қосымшамен ресімделетін тізбе жасалады.
6. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылған кезде мұндай элементтер алып тасталады, бірақ олардың нөмірлері сақталады. Сақталған нөмірге нормативтік құқықтық актінің (немесе оның құрылымдық элементінің) күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актіге сілтеме қосылады. Сақталған құрылымдық элементтердің нөмірленуі өзгермейді.
7. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша үлкен бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге өзінің заңдық күшін сақтайтын құрылымдық элементтер туралы ескертпе жасалып, бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша кіші бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актіге қайшы келетін не онда қамтылатын құрылымдық элементтер ғана енгізіледі.
Мұндай жағдайларда нормативтік құқықтық актінің көлемі осы Заңның 26-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалады.
8. Басқа нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларын қайталайтын және жаңа құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер де күші жойылды деп тануға жатады.
9. Негізгі нормативтік құқықтық актінің өзі де, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген нормативтік құқықтық актілер де (немесе олардың құрылымдық элементтері) күші жойылды деп тануға жатады. Күші жойылды деп тануға жататын қандай да бір нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық элементінің редакциясы бірнеше мәрте өзгертілген және (немесе) толықтырылған жағдайда тізбеге негізгі нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген барлық нормативтік құқықтық актілер дербес тармақтар түрінде енгізіледі.
Аталған талап заңнамалық актілерге қолданылмайды.
10. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану көзделген басқа нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылса, бірінші айтылған актілердің қолданысы қайта жалғаспайды.
11. Күшіне енбеген нормативтік құқықтық актілер күші жойылды деп таныла алмайды. Қажет болғанда мұндай нормативтік құқықтық актілер жойылуы мүмкін.
12. Қолданылу мерзімі өткен нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтері күші жойылды деп тануға жатпайды.
Нормативтік құқықтық актіде қолданылу мерзімі өткен құқық нормаларымен қатар күші жойылды деп тануға жататын құқық нормалары қамтылған жағдайда, тізбеге бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
13. Егер нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементінде күші жойылды деп тануға жататын қосымша көрсетілсе, онда тізбеге осы құрылымдық элемент қана енгізіледі, ал қосымша бөлек ескертілмейді.
Егер нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементінде қосымшаны бекітумен қатар өз қолданысын сақтайтын құқық нормасы қамтылса, ал қосымша күші жойылды деп тануға жататын болса, онда тармақ қосымшаға қатысты бөлігінде тізбеге енгізіледі, ал қосымша бөлек ескертілмейді.
14. Егер нормативтік құқықтық актінің жекелеген құрылымдық элементтері толығымен, ал басқа құрылымдық элементтері ішінара күші жойылды деп тануға жататын болса, онда ең алдымен толығымен күші жойылды деп тануға жататын құрылымдық элементтер көрсетіледі.
28-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу
1. Қосымшалар нормативтік құқықтық актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
2. Қажет болғанда нормативтік құқықтық актіге графиктер, кестелер, схемалар, карталар, тізбелер және басқа да қосымша құжаттар жекелеген қосымшалармен ресімделеді.
3. Қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында өзі соған сәйкес бекітілген нормативтік құқықтық акт, актінің қабылданған күні мен тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс.
4. Егер нормативтік құқықтық актіге бірнеше қосымша болса, әрбір қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында оның реттік нөмірі, сондай-ақ өзі соған сәйкес бекітілген нормативтік құқықтық актінің түрі, актінің қабылданған күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі. Егер нормативтік құқықтық актіге қосымша біреу болса, онда ол нөмірленбейді.
5. Құпиялылық белгілері немесе «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу осы бапқа және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
29-бап. Заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзу және кері қайтарып алу
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі және тек қана Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде iске асырылады.
Заңнамалық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсіне қағаз және электрондық жеткiзгіштерде қазақ және орыс тiлдерінде енгiзiледi.
2. Заңнамалық актінің жобасы бойынша ұсынылатын материалдар мынадай қосымшаларды қамтуға тиiс:
1) заңнамалық актінің жобасына жобаны қабылдаудың қажеттігі негізделген, мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері кеңінен сипатталған түсіндірме жазба, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін - арнайы жолдау;
2) жұмыс тобы құрылған жағдайда оның құрамы;
3) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісу рәсімінен өтпеген жағдайларды, сондай-ақ заңнамалық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін жағдайларды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) осы Заңның 30-бабына сәйкес ғылыми сараптама қорытындысы және сараптама кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптама қорытындылары, қоғамдық кеңестердің ұсынымдары, олар болған кезде;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын қоспағанда, егер заң жобасы мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін болса, қаржы-экономикалық есеп-қисаптар, заңды қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары, сондай-ақ бар болса, статистикалық деректер.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобасы үшін - заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары).
Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актінің жобасына енгізілетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың тиісті негіздемесі бар, заңнамалық актінің құрылымдық элементтерінің қолданыстағы және ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі ұсынылады.
3. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
4. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі заң шығару бастамасы тәртібімен өздері енгізген заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінен оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. НОРМА ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ СҮЙЕМЕЛДЕУ
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 30-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Ғылыми сараптама жүргізу
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша осы актілерде реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізілуі міндетті.
1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау;
2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
3) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарларын анықтау үшін жүргізіледі.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалар республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобалары бойынша және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобалары бойынша, сондай-ақ осы тарауда белгіленген өзге де актілер бойынша жүргізілмейді.
4. Ғылыми сараптаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Заң жобасы ғылыми құқықтық сараптаманың объектісі болып табылады, оған осы Заңда көзделген жағдайларда консультативтік құжат жəне оны іске асыру үшін қажетті заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса берілуге тиіс.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Қазақстан Республикасы Парламентінің жəне оның Палаталарының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдарды əзірлеу мақсатында жүргізіледі.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Ғылыми лингвистикалық сараптама заңнамалық актілердің жобалары бойынша қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтіндерінің теңтүпнұсқалығы бөлігінде жүргізіледі.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптаманы қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уəкілетті ұйым, сарапшылар жүргізеді. Сараптаманы жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Жоба бойынша мамандықтары əртүрлі сарапшылардың кешенді сараптамасы немесе алуан түрлі дербес сараптамалар, ал қажет болғанда қайталама сараптама жүргізілуі мүмкін.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Сарапшылар ретінде жобаны дайындауға тікелей қатыспаған ғалымдар мен мамандар тартылады, сондай-ақ басқа мемлекеттерден жəне халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін.
Ғылыми сараптама жүргізу үшін жоба шетелдік жəне халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеу
Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уəкілетті ұйым жүзеге асырады жəне мыналарды:
1) заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді;
2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді;
3) заң жобалары бойынша қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтіндердің теңтүпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді;
4) ғылыми қорытындылар мен өзге де талдау материалдарын, оның ішінде заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу шеңберіндегі материалдарды дайындауды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметті қамтиды.
32-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сараптамаға жiберу кезiндегi бастамашылық
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына сараптама жүргiзу туралы шешiмдi:
1) заң шығару бастамасы тәртібімен жобаны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) егер әзірлеуші органның регламентiнде немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерде осы тұлғаларға және құрылымдық бөлiмшелерге осындай құқық берiлген болса, әзірлеуші орган қабылдай алады.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы шарттық негiзде дайындалатын жағдайларда жобаның сараптамасы жобаға тапсырыс берушiнiң шешiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеуді жүзеге асыратын уəкілетті ұйым осы Заңның 30-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары əзірлеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тəртібімен əзірленген заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми жəне ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.
33-бап. 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-1-бап. 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-2-бап. 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 33-3-баппен толықтырылды
33-3-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының құқықтары мен міндеттері
1) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыру үшін, оның ішінде ғылыми сараптама қызметін жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша материалдарды қорытынды беруге қажетті көлемде алуға;
2) орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға;
3) сараптама қызметін жазбаша өтініш негізінде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Сараптама қызметін тоқтата тұру сарапшыны бұрын берген қорытынды бойынша жоғарыда көрсетілген құқықтарды пайдалану мүмкіндігінен айырмайды.
1) ғылыми құқықтық сараптама процесіне тартылмаған өзге де тұлғалармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға үшінші тұлғаларды тартуға;
3) ғылыми құқықтық сараптама нысанасын құрайтын материалдарды және өзіне ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға байланысты белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етуге;
4) ғылыми құқықтық сараптама жүргізілетін нормативтік құқықтық акт жобасының атауы мен мазмұнын, сондай-ақ ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларына сәйкес ресми жарияланған кезіне дейін сараптама қорытындысының мазмұнын жария етуге құқылы емес.
1) өзіне берілген ақпарат пен материалдар негізінде жан-жақты, толық және объективті ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге, сараптама қорытындысына қойылатын талаптарға сәйкес қойылған мәселелер бойынша ғылыми негізделген тәуелсіз және объективті жазбаша қорытынды беруге;
2) ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында көзделген жағдайларда ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тартуға;
3) бұрын берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша консультациялар мен түсініктер беруге;
4) бұрын өзі берген қорытындыны түсіндіру үшін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылауға қатысуға міндетті.
Ғылыми құқықтық сарапшының заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылауға қатысуы ол жүрген не тұратын жермен бейнеконференцбайланыс құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану тәртібін Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 33-4-баппен толықтырылды
33-4-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының қарсылық білдіруі
1. Ғылыми құқықтық сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде ғылыми құқықтық сарапшы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымды ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар ғылыми құқықтық сарапшыға жіберілген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етіп, оны жүргізуден бас тартуға міндетті.
2. Ғылыми құқықтық сарапшы, егер:
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өзіне ғылыми құқықтық сараптамаға жіберілген консультативтік құжатты және заң жобасын келісу процесіне бұрын қатысса;
2) әзірлеуші органның қызметкері болып табылса;
3) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу нысанасы ғылыми білімінің шегінен тыс болса не өзіне ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болса не өзінің ғылыми құқықтық сараптаманың объективті және тәуелсіз сараптама қорытындысын беруін болғызбайтын өзге де мән-жайлар болса, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатыса алмайды.
2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 33-5-баппен толықтырылды
33-5-бап. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзу негіздері
1. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзуға мыналар негіз болып табылады:
1) ғылыми құқықтық сарапшының міндеттемелерді орындамауы не бірнеше рет (үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ғылыми құқықтық сарапшының Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мүшесінің, мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқаруы;