«Геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігі қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 342 бұйрығы (2026.05.05. берілген өзгерістермен)

Геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігі қағидалары

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 342 бұйрығы

(2026.05.05. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026.22.04. № 193 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026.22.04. № 193 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабы 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026.22.04. № 193 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігі қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.