«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 тамыздағы № 1416 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 6) тармақшасына сәйкес ұлттық қауіпсіздікті одан әрі нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты (бұдан әрі - Аппарат) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен бірлесіп:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына мыналарды енгізсін:

Аппарат туралы ереженің және оның құрылымының жобалары;

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен штат санын Аппаратқа қайта бөлу жөнінде ұсыныстар;

2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

4. Аппарат берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 29 тамыз

 

                № 1416

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2026 жылғы 29 тамыздағы

№ 1416 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

 

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.