«Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 23 қазандағы № 351 бұйрығы

«Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 23 қазандағы № 351 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8786 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары»;

4-тармақта:

3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3) әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманды бағалаушы (бұдан әрі - бағалаушы) - тиісті біліктілігі бар, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) тағайындаған және авиация персоналының куәлігін беру, біліктілік және (немесе) арнайы белгілерді енгізу мақсатында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мамандарының тәжірибелік дағдыларына тексеру жүргізуге уәкілетті жеке тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.