Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде II, III және IV топтар концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 195 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 268-бабының 10-тармағына және 270-бабы 13-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде II, III және IV топтар концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. «Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10978 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.