Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 13-4 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары» осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | М. Мұқаев |
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 13-4 шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10886 тіркелді) (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаты елді мекендердегі аумақтардың кешенді және орнықты дамуына ықпал ететін қауіпсіз, жайлы, ыңғайлы, экологиялық қолайлы және тартымды қалалық орта құру болып табылады.