Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 421 бұйрығы
(2016.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-202/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін табыс ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.