«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 375 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17622 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымында:
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құрылымға 1-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) даму бағдарламасының паспорты;
2. Кіріспе (қысқаша аннотация және даму бағдарламасының мақсаты);
3. ЖЖОКБҰ-ның қазіргі жағдайына шолу, оның жетістіктері, проблемалары мен сын-қатерлері:
1) ағымдағы жағдайды талдау;
2) трендтер мен сын-қатерлерді талдау;
3) даму болжамы және ықтимал даму сценарийлерін және олардың ЖЖОКБҰ-ға әсерін айқындау;
4. Бағдарламаның пайымы, миссиясы және құндылықтары;»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. ЖЖОКБҰ стратегиялық басымдықтары:
1) академиялық қызмет;
2) ғылыми қызмет;
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының үшінші миссиясы.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: