«Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 291 бұйрығы
ҚР Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 74 бұйрығымен күші жойылды
«Спорт және дене шынықтыру туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15509 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Келіп түскен бағалау парағын қарау үшін уәкілетті орган - республикалық комиссия, ал жергілікті атқарушы орган - өңірлік комиссия құрады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес Республикалық немесе өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағын қарайды, әр сараланатын спорт түрінің үлес салмағын және қорытынды баллын есептейді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі (бұдан әрі - республикалық тізбе) республикалық комиссияның хаттамасы негізінде күнтізбелік жылғы 1 қарашадан кешіктірмей бекітіледі.»;