«Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 949, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 121/қе, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 11-149, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 659 және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 338 бірлескен бұйрығы

Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 949, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 121/қе, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 11-149, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 659 және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 338 бірлескен бұйрығы

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 50-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік органдар басшыларының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық мүдделі мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.