Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 132 «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 76 Қаулысы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 132 «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ келесі мазмұндағы 11-1), 22-1), 22-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) тендерлік комиссияны құрады және оның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді;