«Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 84-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29542 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құрметті атақ Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті (демеушілік, меценаттық, филантропиялық, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтерді) жүзеге асыратын қайырымдылық субъектілеріне (қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлері) конкурс негізінде беріледі.
4. Құрметті атақ мынадай:
ірі әлеуметтік жобаларды, оның ішінде кіші отанды дамытуға және қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру;
аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған/өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсету;
төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға, сондай-ақ аумақтарға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде және (немесе) шетелде шұғыл ақылы емделуге мұқтаж жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсету;