«Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының м.а. 2017 жылғы 15 мамырдағы № 6001-17-7-6/185 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережесінің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12457 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларында:
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: