Өскемен қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 52/2-VI шешімі
(2020.22.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6427 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020.27.03. № 54/3-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.30.04. № 55/2-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 58/2-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.30.07. № 59/2-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.08.09. № 61/2-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.22.10. № 62/2-VI шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қаланың 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2020 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 77 474 742,4 мың теңге:
салықтық түсімдер - 34 067 661,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 310 396,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 552 270,9 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 38 544 413,4 мың теңге;
2) шығындар - 91 952 519,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -80 000,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 80 000,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 1 202 220,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 1 225 142,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 22 922,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -15 599 997,5 мың теңге;