«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 417 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 417 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

тақырып келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі» Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы - тіркеу есебінен шығару кезінде;

2) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы тіркеу есебінен шығару кезінде;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі - портал) - жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою және тіркеу деректерін өзгерту кезінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.