Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 «Медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 28 қазандағы № 149 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22040 тіркелді) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесінде:
1-тармағының үшінші және төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеден басталатын медициналық бұйымдарды лизингке сатып алуды қоспағанда, құны 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайтын медициналық бұйымдарға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: