«Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 28 қарашадағы «Созақ ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 344 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 5 мамырдағы № 151 Қаулысы

Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 28 қарашадағы «Созақ ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 344 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 5 мамырдағы № 151 Қаулысы

 

Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Созақ ауданы әкiмдiгiнiң «Созақ ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 28 қарашадағы № 344 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30933 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Созақ ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қоса беріліп отырған Созақ ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Созақ ауданының әкімі

М. Турысбеков

 

Түркістан облысы Созақ

ауданы әкімінің

2025 жылғы 5 мамырдағы

№ 151 қаулысына қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.