«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 130 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 599 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25003 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) апелляциялық комиссия - конкурстың нәтижелерін қайта қарау үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
2) қатысушы - ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алатын және іске асыратын, осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматы;
3) Республикалық конкурстық комиссия - ғылым саласындағы уәкілетті органмен сыйлық беру үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі - Комиссия).»;
3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
3 тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсқа құжаттар уәкілетті органмен конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.»;