2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 119 шешімі
(2024.14.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024.14.03. № 159 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 549769171 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 118267044 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 5997030 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 0 теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 425505097 мың теңге;
2) шығындар - 558329543 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 15341183 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 23951718 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 8610535 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -23901555 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 23901555 мың теңге:
қарыздар түсімдері -21951718 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7936823 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 9886660 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024.14.03. № 159 шешімімен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. 2024 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін: