«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 «Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту» және 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 «Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 19 бұйрығы (2026.05.10. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 «Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту» және 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 «Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 19 бұйрығы

(2026.05.10. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. ҚР Әділет министрінің 2026.21.09. № 932 бұйрығымен күші жойылды (2026 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. «Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14980 тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларында:

12-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«1) Сот сарапшыларын оқытудың міндетті 60 академиялық оқу сағаты осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі;»;

15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«15. Қосымша сағаттарға, осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген біліктілікті арттырудың әр түрлі нысандарын қоспағанда, Қағидаға қосымшаға сәйкес сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесімен есептелетін ғылыми жұмыстарды, мақалаларды, баяндамаларды жариялау, қатысқан конференциялар, семинарлар, форумдар қосылады.»;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

3. Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.