«Әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 522 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 547 Қаулысы (күші жойылды)

Әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 522 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 547 Қаулысы

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 2 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 522 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6063 болып тіркелді, 2015 жылғы 26 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы көрсетілмейді.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.