Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 16/19 шешімі
(2026.24.03. берілген өзгерістермен)
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2026.10.03. № 32/3 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 24 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабы 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құралыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміде № 33763 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2026.10.03. № 32/3 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен ережесі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | А. Асанова |
2024 жылғы 17 мамырдағы
№ 16/19 шешіміне 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2026.10.03. № 32/3 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 24 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)