Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 2 шілдеге дейін қолданылған редакция
ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы шілденің 4-і.
№ 295