«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 қазандағы № 159 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 қазандағы № 159 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17822 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 77-1-бабының 8-тармағына, 90-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды.»;

12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Клирингтік қатысушының міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамау не тиісінше орындамау фактісін реттеу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде клирингтік ұйымның кепілдік қорын құрайтын қаражатты пайдалану тәртібі клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында айқындалады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.