«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 372 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33459 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алты ай мерзімге бидайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 100119; 100199):
Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен;