«Прокуратура органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 5 қазандағы № 158 бұйрығы

Прокуратура органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 5 қазандағы № 158 бұйрығы

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілетін Прокуратура органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

 

Б. Асылов

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

2026 жылғы 5 қазандағы

№ 158 бұйрығына

қосымша

 

 

Прокуратура органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері


1-тарау. Жалпы ереже

 

1. Осы Прокуратура органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістері (бұдан әрі - Қағидалар) прокуратура органдарына қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.