«Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығы
(2022.20.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 420/НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.31.10. № 405/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 124 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13350 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;