(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ЕРЕКШЕ СТРАТЕГИЯ...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 және «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 523 Қаулысы

 

Осы редакция 2025 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

«Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа гидротехникалық құрылыстар)» деген 1-тармақ:

мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы;

2-2) Ертіс өзеніндегі Шүлбі су қоймасы;»;

2) «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізіміне енгізу өлшемшарттары (қағидаттары) бекітілсін.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.