«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы

«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1000. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (бұдан әрі - Стандарт):

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Тексеру комиссиялары түсіндірме жазбадан басқа, есепті кезеңдегі аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері туралы мәліметтерді осы Стандарттың 8, 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес MS Excel форматында ұсынады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңдегі қызметінің негізгі қорытындылары туралы түсіндірме жазба осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Тексеру комиссиялары аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелі кемшіліктердің жиынтық кестелерінің, сондай-ақ мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімдерінің деректері негізінде мынадай:

1) __________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша тексеру комиссиясының ____ жылғы есепті кезеңде аудиторлық іс-шара барысында анықтаған жүйелі кемшіліктерді есепке алуы (осы Стандартқа 5-қосымша);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.