Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/114-VII шешімі
(2025.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024.27.06. № 14/272-VIII шешімімен (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.10. № 30/505-VIII шешімімен (2025 ж. 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024.27.06. № 14/272-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы № 46/409-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.