Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығы
(2025.22.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 341 бұйрығымен күші жойылады (2026 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025.16.01. № 14 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 22 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-8) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.