«Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 91 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 112 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12426 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті мынадай есептеуге сәйкес белгіленеді:
ScolLG InLB * k,
мұнда: