«Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін, оның ішінде атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 1 бұйрығы (күші жойылды)

Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін, оның ішінде атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 1 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды

 

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 26-3) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Байер-күйдіру тізбекті-параллель нұсқалы әдісімен сазбалшық өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері;

3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Конденсаторларды тікелей ағынды салқындату жүйесі бар блоктық үлгідегі электр станцияларына арналған техникалық үлестік нормативтер;

4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Электролиз әдісімен алюминий өндіру кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері бекітілсін.

2. Эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi - кәсіпорынның экономикасы үшiн қолайлы шығындар кезiнде олардың нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалатын, шығарылатын өнiмнің бiрлiгiне шаққанда қоршаған ортаға эмиссиялардың шамалары.

3. Қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуды ескере отырып, кәсіпорын бойынша тұтастай алғанда барлық циклдарда белгілі бір өнімді алу немесе қызметтер көрсету процесінде құрылатын Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының эмиссияларына қойылатын талаптарды белгілесін.

4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.