«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 464 бұйрығы

 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 464 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көздейтін тетіктерді іске асыру тәртібін айқындайды.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.