Осы редакция 2016 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 304 бұйрығына
2-қосымша
«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенті
1. Аталған «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген).
2. Қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште берілген, тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында қаралған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет берушінің тәртібінің (іс-қимылын) бастауының негізі қызмет алушының жүгінуі болып сараптама ұйымына қағаз түрінде - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген жазбаша түрдегі өтінімді (бұдан әрі - өтінім) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен қоса болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесіне кіретін тәртіптер (іс-қимылдар):