«Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығы (2026.01.01. берілген өзгерістермен)

Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығы

(2026.01.01. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне, 146-бабы 2-тармағының төртінші және алтыншы бөлігіне, 147-бабы 1-тармағының төртінші бөлігіне, 2-тармағының екінші және төртінші бөлігіне, 148-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторингке кіру үшін салық төлеушінің деректер сөресін ұйымдастыру жөніндегі ең төмен талаптар (одан әрі - Ең төмен талаптар);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптар;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптар;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтініш беру және оны қарау қағидалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторинг жүргізу қағидалары;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыным нысаны;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыным нысаны;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторингке қатысушының түсіндірмесімен келісу туралы хабарлама нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.