«2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 Қаулысы
(2016.25.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2016.23.02. № 100 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.10.03. № 134 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. 2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2016 жылға мынадай:
1) кірістер - 7 268 407 231 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 3 189 806 996 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 159 104 528 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 16 383 224 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 3 903 112 483 мың теңге;
2) шығындар - 7 920 789 229 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 112 155 814 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 205 246 481 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 93 090 667 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 138 148 303 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 140 798 303 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 650 000 мың теңге;
5) тапшылық - -902 686 115 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 2 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 902 686 115 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
ҚР Үкіметінің 2016.10.03. № 134 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;