«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 636 бұйрығы (күші жойылды)

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 636 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 144 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15647 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.